» » » "БАТЫР АНАЛАР" АНСАМБЛІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 30 ЖЫЛ

"БАТЫР АНАЛАР" АНСАМБЛІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 30 ЖЫЛ

Аудан көлемінде төл өнерді дәріптеп, салт-дәстүрді насихаттап жүрген Жалағаш ауданы, Еңбек ауылдық округіндегі «Батыр аналар» ансамблінің құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр.

19 батыр анадан құралған «Батыр Аналар» ансамблі 1988 жылы ең алғашқы концертін қойды.
Одан кейінгі жылдары ансамбль құрамы толығып, 26-ға жетті. Аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі мәдени шараларға қатысып, өнер көрсетуде. Сондай-ақ, қайырымдылық концерттерін өткізіп, одан түскен қаржыға сәбилер үйіне, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуде.  
Аналарымыз тек ән шырқап қана қоймай, ұлттық нақыштағы дүниелерді жастар арасында кеңінен насихаттап, жасалу жолдарын үйретуде.
26 аналардан құралған «Батыр Аналар» ансамблінде қазіргі таңда 14 батыр ана бар.
Қазақы қалпын сақтап, халық әндерін әуелетіп жүрген әжелердің игілікті ісі өскелең ұрпаққа өнеге.
31 қазан 2018 ж. 347 0