» » » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК МҮСІН ТҰРҒЫЗЫЛДЫ

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК МҮСІН ТҰРҒЫЗЫЛДЫ

Үндістан үкіметі Вардора қаласының маңында Гуджарат штатындағы жасанды көлге елдің ұлт көсемдерінің бірі, қоғам қайраткері – Валлабхаи Пательдің құрметіне арнап мүсін тұрғызып жатқандығы туралы жазған едік. Әлемнің ең биік ескерткіші - Бірлік мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі сәрсенбі күні өтті. Іс-шара NDTV арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Оның биіктігі – 182 метр. Астындағы тұғыртасымен қоса есептегенде биіктігі 240 метрді құрайды. Бұл Нью-Йорктағы "Азаттық" мүсінінен екі есе биік болса, қазіргі күндегі ең биік мүсін қытайдың Хэнань провинциясындағы 128 метрлік Буддадан 54 метр биік болады. Патель 1875 жылы 31 қазанда Үндістанның Надияад қаласында дүниеге келді. Жоғары мектепті бітіргеннен кейін заң факультетін тәмамдап, қорғаушы болып жұмыс істей бастады. 1900 жылдан бастап,1910 жылға дейін Годхра мен Балсад қалаларында қылмыстық істер бойынша қорғаушы болды, осы кезеңде Патель Үндістанның ең танымал және табысты адвокаттарының бірі еді. 1910 жылы Лондонға барды.
1913 жылы Валлохайма Үндістанға қайтып келіп, Ахмедабад қаласында заңгер қызметін атқарды. Оның тұлға болып қалыптасуына Махатма Гандидің тигізген әсері өте зор. Патель Махатманың Үндістанның тәуелсіздікке жетуіне деген ұмтылысын қолдады және Гандидің адал ізбасары болды.
Бұл мүсіннің құрылысына Үндістан үкіметі 430 миллион доллар жұмсаған. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидің айтуынша, ескерткіш Үндістанның халықаралық беделін арттырып, туристерді Гуджарат штатына тартады. Нодидің өзі жобаға 34 миллион доллар қаржы бөлген. Құрылысқа 5700 тонна болат пайдаланылған. Мүсінде көрмелер залы, мұражай, 153 метр биіктікте тамашалау алаңы болады. Мүсін жағалаудан 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан.
05 қараша 2018 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 221

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930