» » » «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ” жобасы жүзеге асырылуда

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ” жобасы жүзеге асырылуда

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу мақсатында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бастамасымен Қызылорда облысының жоғары және арнаулы орта оқу орындарында «Саналы ұрпақ» клубтары құрылды.
Клубтар қызметінің басты мақсаты  студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, оларды әділдік пен адалдық қағидаларын ұстануға бағыттау болып табылады. 
Бүгінде оқу орындарының  9 мыңнан астам студенттері «Саналы - ұрпақ» клубының мүшелері атанды.  
Осыған орай, «Саналы ұрпақ» клубтарының тәлімгерлері бекітіліп, олардың жетекшілігімен оқу орындарында отанды сүю, үлкенді құрметтеу, әділдік пен адал еңбек үлгісін насихаттау жұмыстары жүргізілуде. 
Алдағы уақытта, клуб мүшелері түрлі акцияар ұйымдастырып, қарттар мен зейнеткерлерге көмек көрсетуді көздеп отыр.    

Анар Сәлімжан,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  
қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы 
бойынша департаментінің
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы
басқармасының бас маманы.
05 қараша 2018 ж. 7 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930