» » » Өзбекстан Абай туралы деректі фильм түсірді

Өзбекстан Абай туралы деректі фильм түсірді

ӨзбекÑÑан Ðбай ÑÑÑÐ°Ð»Ñ Ð´ÐµÑекÑÑ ÑилÑм ÑÒ¯ÑÑÑдÑ
Ташкентте өзбекстандық кинематографтар түсірген «Абай сөзі» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» ке сілтеме жасап. Өзбек тіліндегі туындыда ақынның балалық шағы мен өскен ортасы, шығармашылығы мен мұрағат құжаттары кеңінен көрсетілген. Игі бастама Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау туралы қаулысы аясында жүзеге асып отыр. Өйткені көрші ел басшысы «Абай есімі мен мол шығармашылық мұрасы қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарының, оның ішінде өзбек халқының рухани даму тарихында өшпес із қалдырған» деп атап өткен болатын. Қаулының негізінде Ташкент қаласындағы Деректі фильмдер студиясының ұжымы Абайдуың туып-өскен жері Семейге арнайы барып, Жидебайдағы ақынның музейінде болған. Қазақтың кең даласын аралап, ұлы ойшыл ақынның өмірімен етене танысқан. Деректі фильмнің сценариін Розика Мергенбаева жазыпты. «Қазақстанға жасаған сапарымыз фильмнің толыққанды және тұшымды дүние болып шығуына мүмкіндік берді», - дейді режиссер Шухрат Махмудов. «Шын мәнінде өзге халықты қалай құрметтеуге болады? Бұған жауап бар, ол елде қандай адамдар өмір сүрген, қандай ғалымдар мен ақындар, жазушылар болғанына қарап та бағалауға болады. Сол халықтың мәдениетін, жеткен жетістіктерін саралау арқылы да көрші елді құрметтеуіміз керек. Сондықтан біз бұл шығарманы бүгінгі жастарымыз Орталық Азия аумағында, жалпыға ортақ кең байтақ даламызда қандай ғұламалар мен ұлы ойшылдар өмір сүргенін білсін деген үмітпен жасады. Өйткені біз бағзы заманнан туыс болып өстік. Бөле жаратын ештеме жоқ. Біз өткенімізден медет алып, сонымен мақтануымыз керек. Соның бірі - Абай. Біз сондықтан бұл туындыға бар күшімізді жұмсадық», - дейді деректі фильм режиссері Шухрат Махмудов.  
inform.kz              
03 желтоқсан 2018 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31