» » » 24 сағат жұмыс істейтін кітапхана ашылды

24 сағат жұмыс істейтін кітапхана ашылды

«Назарбаев Университеттің кітапханасында 400 адамға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 4 зал ашылды. Бұл туралы Егемен Қазақстан жазды.
Жаңадан іске қосылған залдардың жалпы ауданы 10 000 шаршы метрден асады. Инфрақұрылымға жаңа компьютерлік бөлмелер, муль­­тимедиалық кабинеттер, топтық және жеке оқу сыныптары, инклюзивті білім беру жабдықтары, конференция залдары, демалуы бөлмесі, аудио-визуалды студия мен балалар бөлмесі кіреді.
«Назарбаев университет» кітапханасының библиогра­фиялық-ақпараттық қызме­тінің басшысы Мадина Қай­ратбекқызының айтуынша, кі­тапханада бұған дейін оқырмандар үшін 2 зал ғана жұмыс істеген. Енді кітап­хана­ның ауқымы тағы 4 залмен толығып отыр.
«Science, Astana, Aliya, Quiet деп аталатын жаңа зал­дар іске қосылды. Сту­дент­­теріміздің осындай қо­сым­ша мүмкіндіктерге ие болғанына қуаныштымыз. Олар бұрынғыдай кітапхана­шы­лардың жұмыс істеу уа­қытына тәуелді болмай, енді 24 сағат бойы оқу залдарының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Студенттер қауымдастығы тарапынан тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы залдар болса деген ұсыныстар түсті. Басшылар жас ғалымдардың бұл бастамасын қолдап, нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отырмыз. Біз Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына сәйкес қазақ­стандық кітапха­нашы­лардың білік­тілігін артты­рып, кә­сіби кітапха­нашылардың қа­уымдастығын құрудамыз», - деді Мәдина Қайратбекқызы салтанатты шараның ашы­луын­да.
Кітапхана бұған дейін таң­ертеңгі 8:30-дан кешкі 22:00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеді. Мұнда студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерт­теуіне арналған қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде қызмет көрсетіледі. Мәдениет ошағы халықаралық білім беру жүйесі мен жаңа техникалық инновацияларды енгізе отырып, әлемдік деңгейдегі кітапхана болуды көздеп отыр.
04 желтоқсан 2018 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31