» » » ДӘСТҮРЛІ ӘН ӘУЕЛЕГЕН КҮН

ДӘСТҮРЛІ ӘН ӘУЕЛЕГЕН КҮН


Дәстүрлі ән байқауын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесі «Ұлы Дала Қазынасы» партиялық бағыты аясында ұйымдастырды. Байқауға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, ҚР Мәдениет қайраткері Т.Мәдиев және аудандық балалар әуез мектебінің мұғалімі А.Әбдиевтер әділқазылық етті. Шараны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы, бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер екенін айтып, байқауға қатысушы жас өнерпаздарға сәттілік тіледі. Байқау екі кезең бойынша өтті. Талапкерлер алғашқы кезеңде ұлттық аспаппен халық әнін орындаса, екінші кезеңде өз қалауымен ән, терме, толғау орындады. Сондай-ақ, олар шараның ережесіне сай ұлттық киім киіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Дәстүрлі ән байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені №201 мектеп-лицейінің оқушысы Бағдәулет Бақытұлы, І орынды №115 негізгі мектеп оқушысы Орныққан Пазыл, ІІ орынды №202 орта мектеп оқушысы Жақсылық Ешмұрат пен №246 орта мектептің оқушысы Аружан Мыңбай иеленді. Ал, ІІІ орын №32 орта мектеп оқушысы Әсел Қуандық пен №232 орта мектеп оқушысы Ерқанат Мұңайтпасқа бұйырды. Байқауға қатысушы барлық өнерпаздар партия филиалының арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.
Айта кету керек, байқауға жеке кәсіпкер «Ақниет» шаруа қожалығының төрағасы Т.Тұңғышбаев демеушілік жасады.

30 қаңтар 2018 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 49

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930