» » » СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне биыл 27 жыл толып отыр. Сарабдал саясат ұстанған елбасы н.назарбаев мемлекеттің көшін алға сүйреп, даңғыл жолға бастады.ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¡ÓÑÑ ÑÒ¯Ñкен ÑÒ±ÑбаÑ
Бүгінгі біздің міндетіміз бен мақсатымыз – егемендік үшін жандарын пида еткен батыр халқымыздың тәуелсіздік тұғырын баянды ету. Ата заңымызда көрсетілгендей, елдің ең басты байлығы, құндылығы адам. Ол – қоғамның қозғаушы және материалдық игілікті жасаушы күші. Бәрі де адам үшін, қоғамның игілігі үшін деген қағида экономикалық тәуелсіздікке тікелей байланысты. Сондықтан, халықтың әлеуметтік мәселесін жақсартуда азық-түлік қауіпсіздігін жасау ең бірінші мәселе болып қала береді. Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ең бірінші экономикасы, сосын саясат деген ұстанымы, бұл күндері өзінің өміршеңдігін көрсетіп келеді. Негізінен, тәуелсіздікке қол жеткізген 90-шы жылдары еліміз өтпелі кезеңде біраз қиыншылықтарды бас­тан кешірді. Төлем қабілетсіздігіміздің жаппай сипатталуы, жүздеген кәсіпорын жұмысының тоқтауы, жұмыссыздықтың белең алуы, ауылдарда мал басының азаюы, жанар-жағармайлардың тапшылығы, егін көлемінің күрт төмендеуі тәуелсіздігімізге аса қауіп төндірді. «Бұл қиындықтан қашан шығамыз» деген сауалға жауап табу қиын еді. Осындай кезеңде Елбасының батыл шешімі мен мемлекеттік монополияға айналған бұрынғы қоғамдық меншіктің түрі мен мағынасы өзгеріп, түрлі меншік нысандар өмірге келді. Осы ретте, жаңа қоғамда жаңаша мемлекеттік басқару жүйесін таңдау қажет болды.
Ел Президенттік басқару жүйесін қабылдады. Халық Елбасын 1991 жылы 1 желтоқсанда өзі сайлады. Ел тарихында жаңа бет ашылды. Содан бері тәуелсіздігіміздің тұғырланғанына жиырма жеті жыл болды. Бұл тарих үшін көп уақыт емес. Десе де, экономикамыздың барлық салалары өсіп-өркендеп, халықтың әл-ауқаты жақсарып келе жатқанының куәсі болып келеміз. Өткенді білмей, жаңаны жасай алмайсың дегендей, Қазақстанда экономикалық құлдырау 1991-1995 жылдары, 1990 жылдардың деңгейімен салыстырғанда 38,6 пайыз болып, яғни 5 жылда жыл сайын 8 пайыз төмендеп отырған. Бұдан кейінгі 5 жылда экономикалық өсу үстінде болды. 2000 жылы 9,9 пайызға, 2001 жылы 13 пайыз. 2002 жылы бұл көрсеткіш 9,5 пайызға жеткен. Осы бір ел тарихында өтпелі кезең деп аталатын уақыттың қиындықтарын бастарынан өткізген, елмен бірге болып, халқын сабырлыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке, болашаққа деген үміттерін үзбеуге шақырған әртүрлі деңгейдегі ел басқарған, жоқтан бар жасаған, қысқа жіпті ұзартқан, үзілгенді жалаған азаматтардың еңбектерін әр кез еске алып отыруымыз керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тұралап қалған экономиканың түрлі салаларын жақсарту мақсатында Елбасының тікелей басшылығы мен халықтың мәдени-рухани өмірін денсаулығын көтеруде «Денсаулық жылы», «Мәдениет жылы» 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» бағ­дарламалары қабылданып, пәрменді түрде жүзеге асырылып жатты. Осындай негізі қаланған бағдарламалардың бастауы­ мен инвестициялық, инновациялық жобалар ел экономикасының барлық саласына батыл еніп, ол бұл күндері ұлттық инновациялық жаңашыл Қазақстанның қуаттылығымен бәсекеге қабілетін арттыруда. Елбасының саясатын бағыт-бағдарламаларын, халыққа жолдаған Жолдауларын іске асырудың ұйытқысы бола білдік. Ел игілігі үшін атқарған еңбегіміздің нәтижесімен мақтануға болады. Соның куәсі осы жолдар авторының Елбасымен кездесіп, сәті түскен сұхбаты болатын. 2003 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында Елбасы іс сапармен біздің облысқа келді.
Сапар барысында, Мемлекет басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Елмен кездесуі, көптің тілегін тыңдап жүздесуі, ел азаматтары үшін үлкен ғанибет. Сол жыл Елбасының «Ауыл жылы» бағдарламасының қабылданып, жүзеге асып жатқан кезі болатын. Мен ол кезде Бұқарбай батыр ауылының әкімі едім. Республика Президенті сол кездегі облыс әкімі С.Нұрғисаевпен «Құмкөл мұнай» кешенінде болып, түске таман Қараөзектегі салынып жатқан су тос­пасын көріп, Қалжан ахун ауылына келді. Ауылдың шағын клубына облыстың іс басында жүрген басшылары, түрлі деңгейдегі әкімдер, кәсіпкерлер шақырылыпты. Нұрекең өте жақсы көңіл-күйде келді. Кездесуге келген шағын клубтың ішінде отырған азаматтармен еркін амандас­ты. Қасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Есімовпен президиумға жайғасып, елдің амандығын, көңіл-күйін сұрап, келген мақсатын айтты. «Қазақтың қаймағы бұзылмаған, бірлігі мен тірлігі жарасқан Сыр Алаштың анасы атанған елге, оның ішінде имандылық пен ағартушылықты халықтың бойына дарытқан ислам дүниесінің өркениетін өңірге жая білген, мешіт салып, жастарды білім нәрімен сусындатқан, артында өшпейтіндей із қалдырған, оның шарапатын бүгінгі ұрпақ көріп отырған ғұлама Қалжан ахун негізін қалаған ауылға келіп, сіздермен дидарласып, сұхбаттасып «Ауыл жылын» бастаудағы істерімізге ғұлама әруағының шарапаты тисін деген тілекпен келіп отырмын» деп сөзін бастады. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы облыс әкімінің хабарламасынан соң, Мемлекет басшысы елдегі атқарылып жатқан және атқарылуға тиісті жұмыстарды ішкі, сыртқы саясаттардан хабардар етіп, қойылған сұрақтарға жау­ап беріп, сыртқа беттеді. Біз де орнымыздан тұрып, Елбасымен сәлемдесе бастадық. Нұрекең, менің төсімдегі «бейджімді» көзі шалып қалып: – Ал, ауыл әкімі жағдай қалай? – деп бірден сұрақ қойды. Мен өзімді таныстырдым.
– Нұреке, жылдың алғашқы айында Сыр еліне келіп, өзіңіз айтқандай ғұлама Қалжан ахунның ауылына атбасын тіреп, «Ауыл жылында» басталып жатқан игі ісіңіз берекелі болсын, елге айтқан тілегіңіз қабыл болсын, – деп қос қолыммен сәлем бердім. Өзіңе де соны тілеймін, – деді Нұрекең.
– Елдің жағдайы қалай? «Ауыл жылы» қалай жүзеге асырылып жатыр? Түптеп келгенде соны жүзеге асыратын сендерсіңдер ғой, – деп әңгімесін менімен жалғастыра берді.
Мен «Нұреке, өтпелі кезеңдегі көрген қиындықтарды жеңіп, артқа тастадық. Бұған дейін денсаулық, мәдениет жылдары өз нәтижесін беріп, жақсы аяқталды. «Ауыл жылы» бағдарламасын халық түсініп, жүзеге асыруда. Біріншіден, дедім: – Халық бұрынғыдай мені мемлекет асырайды деген масылдықтан арылып, жаппай еңбек етуге кірісті. Мал ұстап, егін егіп тіршілік жасауда. Майда шаруа қожалықтар бірігіп, серіктестік құруда. Елде кәсіпкерлік дамып келеді. Іскер азаматтар мен инвесторлар ауылға бет бұрды, олардың арасында өзара іскерлік ахуал қалыптасуда. Мемлекет тарапынан оларға субсидия, несие берілуде. Жанар-жағармайға, минералды тыңайтқыштарға жеңілдік жасауда» дегенімде Елбасы сөзімді бөліп, «Оларға жасалып жатқан қолдаудың бұл басы. Егіншілерге де, мал ұстаушыларға да жеңілдетілген несие, үлкен көлемде субсидия беріледі. Шағын, орта кәсіпкерлерден салық жеңілдетіліп, олардың жұмысына кең өріс ашылатын болады. Оны сендер өздерің түсініп, соларға жеткізіңдер. Сендер істің нақты орындалатын жерінде елдің тіршілігіне бас-көз болып жүрген, сенімге ие болған азаматсыңдар. Елдің хал-жағдайы, ахуа­­лы, жастар тәрбиесі, тәртібі, ауызбіршілігі сендердің түсініктерің мен іс-әрекеттеріңе байланысты, осы істердің ұйытқысы бола білулерің керек» деп ақыл-кеңес берген еді.
Елбасының ақыл-кеңесі, ел қамы үшін айтылған өсиет сөздері мені қанаттандырып, бойыма күш-жігер, қайрат берген болатын. Мен де шабыттанып: «Нұреке, халқыңыз, еліңіз сізбен бірге, біз сіздің салиқалы саясатыңызды қолдаймыз. Ел үшін жасап жатқан игі істеріңізді жүзеге асыруға аянбай еңбек етеміз» дедім. Елбасы да риза болып, «Ал суретке түсейік» деді. Осы кезде Болат Омаралиев суретке түсіріп жатты. Елбасымен кездесудегі көтеріңкі көңіл-күйде болған біздер ескерткіш суретке түстік. Нұрекең әңгімесінің соңында: «Еліңе сәлем айт, бүгін осында ұққаныңды халқыңа жеткіз» деді. Осылайша, Елбасымен қоштасқан едім. Сол жолы Мемлекет басшысы ауылдағы жұмыстың барлық ауыртпалығын иықтарымен көтеріп, халықпен бірге жүрген ауыл әкімдеріне су жаңа автокөліктердің кілтін тапсырды. Халықтың игілігі үшін мініп, қызмет атқаруымызға тілектестігін білдірген еді. Елбасымен кездескендегі сәті түскен сұхбатымды ешуақытта ұмытпаймын. Содан бері он бес жыл өтті.Еліміздің экономикасы қарқынды дамуда, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы қолдау тауып, жаңа жетістіктерге жетудеміз. Біз соның куәсі болудамыз.

Рысбай КӘРІМОВ,
еңбек ардагері.
08 желтоқсан 2018 ж. 5 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31