» » » Жыр жаттаған оқушыға 1 миллион теңге беріледі

Жыр жаттаған оқушыға 1 миллион теңге беріледі

Қазақстанда мектеп оқышулары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді. Негізгі мақсат - жастарды «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырлары сынды xалқымыздың бай мұрасы негізінде тәрбиелеу, ҚазАқпарат тілшісі.


Байқау 6-10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Осы жолы «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айту қажет. Байқауға республика бойынша 5 000 мектептен 50 000 оқушы қатысады деген жоспар бар. Әр мектептен 10 оқушы (6-шы сыныптан 2 оқушы, 7-ші сыныптан 2 оқушы, 8-ші сыныптан 2 оқушы, 9-шы сыныптан 2 оқушы және 10-шы сыныптан 2 оқушы) қатыса алады. Жоба үш кезеңнен - аудандық, облыстық және республикалық іріктеуден тұрады. Аудандық кезеңде 1-ші орын үшін 150 000 теңге, 2-ші орын - 100 000 теңге, 3-ші орынға 50 000 теңге қарастырылған. Ал облыстық кезеңде 1-ші орын үшін 1 000 000 теңге, 2-ші орын - 600 000 теңге, 3-ші орын алғандарға 300 000 теңге табысталады. Қазіргі кезде республикалық іріктеудің қаржылай қоры пысықталып жатыр. Жобаның аясында 50 000 мектеп оқушысы 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаса, аталған көрсеткішті Гиннес рекордтар кітабына өтінім беру жоспарланған. 
04 ақпан 2019 ж. 44 1

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 10:42
Amoxicillin Antibiotic Side Effects For Infants Pain Pills Without A Prescription Renova Cream Order cialis 5 mg best price usa Amoxicillin For Pets Without Prescription