» » » Түйме қыздың шаһары

Түйме қыздың шаһары

2

Күні бүгінге дейін түбегейлі зерттелмей, ғылыми айналымға енбей келе жатқан тарихи мекеннің бірі – Түймекент. 

Түймекент қалашығы Байзақ ауданы, Түймекент ауылының оңтүстік шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында, көне Тараз қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Әуелгі зерттеулер бойынша ортағасырлық қала VI ғасырдағы Түрік қағандығы кезінде пайда болып, XIII ғасырдың басындағы моңғол шапқыншылығына дейін өмір сүрген делінеді. Жалпы, Түймекент қалашығын зерттеу жұмыстары 1890 жылдан басталған. Осы жылы белгілі шығыстанушы ғалым Евгений Каль Әулиеата қаласының маңындағы Түймекент қаласын ашып, алғаш өлшемдерін түсірген екен. Содан кейін әр жылдары Василий Бартольд, Самуил Дудин, Александр Бернштам, Карл Байпақов, Мадияр Елеуов сынды ғалымдар да Түймекент қалашығының тарихын зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізген. Дегенмен, күні бүгінге дейін бұл тарихи мекеннің нақты тарихы жазылып, көне қалашықтың ақиқаты ашылған жоқ. Халықтан асқан қазына жоқ. Ел аузында сақталған аңыз бойынша, бұл қалада ханның Түйме атты қызы салтанат құрған деседі. Сол уақытта қаланың сырты қамалмен қоршалып, бекітілген. Оның сырты да терең ормен қоршалып, ор суға толтырылған. Қамал әрі қаланың қабырғалары кірпіштен тұрғызылған, іргесі таспен өрілген. Түйме қыздың қаласының қорғаныс мұнараларымен жалғасқан әрбір қабырғасы жеті соғыс мұнарасы арқылы бекітілген екен. Күндердің күнінде жау батырының Түйме сұлуға көзі түсіп, қыз әкесіне құдалыққа елші жібереді. Алайда әкесі де, қыз да бұған көнбейді. Ақыры жау Түйме қыздың қаласын құлатады, бірақ мақсатына жете алмайды. Аңыз соңы Түйме қыз қаласымен бірге мерт болыпты деп түйінделеді. Ал аңыздың екінші нұсқасында Түйме ару Талас өзенінің Төрткүл аталатын даласын жайлаған Қаһарман атты байдың қызы екен дейді. Перзентке зар болған бай ұзақ жылдан кейін көрген қызының атын нәзік болған соң Түйме деп қойыпты. Түйме қыз бойжеткен соң оған құда түсушілер де, бір көріп, тілдесуді арман қылғандар да көп болыпты. Көрші шаһарлардан да саудагерлер келіп, бұл жерде ірі дүкендер мен базар шоғырланған аймаққа айналады.

Хамит Есаман,
«Egemen Qazagstan»


27 ақпан 2019 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (9590)

11 ақпан 2020 ж.

№10 (9589)

08 ақпан 2020 ж.

№9 (9588)

04 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 811

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 734

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829