» » » «Қазақфильм» еліміздің 24 қаласында кастинг өткізеді

«Қазақфильм» еліміздің 24 қаласында кастинг өткізеді



«Қазақфильм» киностудиясының «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді барлық қазақстандықтар өз бағын сынап, кастингке қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кастинг еліміздің 24 қаласында өтеді. «Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9 мыңнан астам мәлімдеме келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады», - дейді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.
Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады. Басты талап - қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек.
«Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз!», - делінген хабарламада.
Жақын күндері кастинг келесі қалаларда өтеді (кастингке қатысу тегін):
Кұлсары (26 ақпан, Мәдениет үйі, 1-ші қабат, би залы (Махамбет көшесі 37, «Кең Жылыой» ауданы);
Тараз (26 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, ал 27, 28 ақпан - қала тұрғындары үшін);
Торғай (27 ақпан - Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйі, 2 қабат, конференц-зал (с. Торғай, Қайнекей көшесі 9);
Атырау (27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, 28 ақпан - қала тұрғындары үшін, № 2 Орталық қалалық кітапхана (Балықшы ауылы,
Байжігітов көшесі 66 А);
Екібастұз (27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, 28 ақпан - қала тұрғындары үшін, «Өнер» Қалалық мәдениет орталығы (Әуезов көшесі 147);
Арқалық (28 ақпан және 1 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, Мәдениет үйі, 1 қабат, 1-ші кабинет (Абай даңғылы 27);
Өскемен (27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін, 28 ақпан, 01, 02 наурыз - қала тұрғындары үшін, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, 4 қабат, балет залы (Сәтпаев даңғылы 55);
Шымкент (01,02,03 наурыз - қала тұрғындары үшін, 04,05,06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін);
Түркістан (26, 27, 28 ақпан және 01 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02 наурыз - қала тұрғындары үшін, «Тұмар» сауда орталығы, 2 қабат (Тәуке хан даңғылы 301);
Ақтөбе (01, 04, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02, 03 наурыз - қала тұрғындары үшін, Т.Ахтанов ат. Ақтөбе облыстық драма театры, кіші зал (Т. Ахтанов көш., 52);
Павлодар (01, 04, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02, 03 наурыз - қала тұрғындары үшін, «Колос» балалар мәдени орталығы, үлкен зал (Астана көшесі 156);
Теміртау (01 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02 және 03 наурыз - қала тұрғындары үшін, Мәдниет үйі (Республика даңғылы 38);
Астана (27, 28 ақпан, 01, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 02, 03, 04 наурыз - қала тұрғындары үшін, Есіл өзені бойындағы Амфитеатр (Тұран даңғылы 2/6);
Қостанай (02 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 03 и 04 наурыз - қала тұрғындары үшін, Омаров атнындағы Қазақ драма театры, 3 қабат, кіші зал (Тәуелсіздік көшесі 144);
Жаңаозен (04 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, Теңге, «Атамұра» Мәдениет үйі (А.Керейұлы көшесі 41 А);
Семей (03, 04 наурыз - қала тұрғындары үшін, 05, 06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, Мәдениет үйі, үлкен зал (Бауыржан Момышұлы көшесі 43);
Ақтау (02, 03 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 05 наурыз - қала тұрғындары үшін, 11 ықшам ауданы, «Юность» сауда орталығы, 2 қабат);
Жезқазған (04 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 05 наурыз - қала тұрғындары үшін, С.Қожамқұлов атындағы қазақ музықалық драма театры (Сәтпаев көшесі 1);
Қызылорда (03, 04, 05, 06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 07 наурыз - қала тұрғындары үшін, Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйі (Қазыбек би көшесі 21);
Жетісай (07 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, К.Жандарбеков ат. Жетісай драма театры им. (Қожанов көшесі 71);
Орал (06, 07наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 08 наурыз - қала тұрғындары үшін, Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығы (Әбілқайыр хан көшесі 183);
Көкшетау (06, 07 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, Неке қию сарайы, 1 қабат, 10 кабинет ( М.Ауезов көшесі 119/1);
Қарағанды (06, 07, 10 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін, 08, 09 наурыз - қала тұрғындары үшін С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы қазақ драма театры (Бұхар - Жырау даңғылы 25);
Петропавл (09, 10 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театры (Ж.Жабаев көшесі 195);
Айта кетсек, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштаға жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз, бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ басынан аяғына дейін бір сурет және өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөніңізді, жасыңызды, бойыңыз бен салмағыңыз, біліміңіз және кинодағы тәжірибиеңіз туралы) жолдауға болады.



https://syrboyi.kz
27 ақпан 2019 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 131

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 85

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 105

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031