» » » КЕШЕНІҢ КЕЛБЕТІ – БҮГІННІҢ БЕЙНЕСІ

КЕШЕНІҢ КЕЛБЕТІ – БҮГІННІҢ БЕЙНЕСІ


Жақында туған жердің тарихынан сыр шертетін тағы бір тағылымдық кітап жарық көрді. «Бозкөлден басталған белес» деп аталатын өмірнама бір адамның әпсанасы есепті дүние бол­ғанымен, тұтас бір өңірдің өткенінен естелік сыр шер­теді.
Автор Жарылқасын Шә­­ріпов 1963-1994 жылдары Қа­залы ауданының шаруашы­лықтарында, аудан­дық партия коми­тетінде қызмет еткен. Ау­данның тәуелсіздік жыл­­дарындағы алғашқы әкі­­мі болған. Мұнан соң Қызыл­орда қала­сының әкімі, облыс бойынша жыл­жымай­тын мүлік­терді бағалау ор­­­та­­­­­лы­ғының директоры, об­­лыс­тық мәслихаттың тексеру комиссиясының төр­аға­сы се­кілді жауапты қыз­мет­тер ат­қарған. 
Көргені көп, түй­гені мол тұл­ға­ның қала­мынан ту­ған бұл кітаптың келешек жас­тардың керегіне жар­­ар­­лық салмақты жүгі бар. Қиын­шы­лық кез­дерде халық қа­лай өмір сүрді, осы жолда жұмсаған аға буын­ның күш-жігері қандай болды, шы­ғармада осындай сұрақ­тардың арқауы тар­қатылып жүре береді. Кі­тап­тың өн-бойынан атым шық­сын деген емес, арты­мыздан келер ұр­пақ­қа өнеге қалсын деген ой оңай аңға­рылады. Дәл осы жөнінде ав­тордың өзі ал­ғы­­сөзінде былай кел­тіреді:
«Әрине, мен кәнігі жазушы емеспін. Бірақ, өмір ұстаз ғой, ол маған көрген-білгенімді бағалауды, одан қорытынды ой шыға­руды жас кезімнен-ақ үйретті. Сон­­дық­тан өз өмір­бая­ным­ды саралай алатыныма сенемін.
Өткен қоғамды теріс жа­ғынан көрсетіп, атқа­рылған істі, болған жақ­сылықты жоқ­қа шығарып, бүгінгі қо­ғам­нан жақсы ат алғысы келетін замандастарымыз да бар. Он­­дай кісілер зиялы қауым іш­і­нен де кездесіп қа­лады. Алай­да, саралап қара­саң, өт­кен қоғамда біз аң­ғармай кел­­­ген адамзаттың жақсы өмірге ұмтылуына, хал­­қы­мыздың қазынасын дәріп­теуге қойылған шектеу­лер және еңбекте адамды қанау­шылықтың жетілген, елеусіз,  байқалмайтын әдіс­­­­терімен бірге, осы заманда жетіспейтін адамдар ара­­­сындағы шынайы тең қа­тынастар, татулық, қам­­қор­лық секілді көптеген ар­­тық­шы­лықтар болғанын еш­кім жоққа шығара алмайды».
Алғысөзден алынған осы бір шағын үзіндінің өзі оның өн-бойындағы қан тамы­ры­ның лүпілін сез­­­діреді. Сон­дай-ақ, бұл кітап­тан ав­тор­дың және оның отба­сы­ның фо­­то­­сурет­терін көр­мейсіз. Бас­­талуы, шарық­тауы, қор­тын­дысы бар көркем шы­ғар­ма­­мен сусындайсыз.
Кітаптың поли­гра­фия­лық көркемделуі де көз тартарлық, 500 данамен «Тұмар» баспасынан жарық көрген.
 
Д.Беркінбаев.
07 сәуір 2019 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 123

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 80

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 101

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031