» » » Әже – отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы

Әже – отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы

Өмірде адам баласы үшін жанына жақын тұтатын, үлгі өнеге алатын, яғни, пір тұтатын ерекше адамы болады. Ол адам бәрінен биік, бәрінен дара саналады. Менің өмірде өз орнымды табуға, қоғамға өзіндік пайдамды тигізуге әсер етіп жүрген жан бар. Ол кісі үнемі менің жанымда жүрмесе де, оның айтқан ақылы, өсиет-өнегесі менің жадымда. Ол менің асыл әжем. Көненің көзін көрген, бабалар сөзіне ерген менің әжетайым маған үнемі түзу жолды нұсқаумен келеді.

Бекжанова Зейнегүл 1939 жылы, қаңтар айының бірінші жұлдызында өмірге келген. Ата-анасының еркесі болған әжем бала күнінен өлең шығара бастаған. Әке тәрбиесіне қарық боп өскен бала Зейнегүл қазір ауылына абыройлы, немере-шөберелеріне үлгілі кейуана. Әкесі қамыс пен сазды араластырып,қақырадан  үй салып, жағдайы төмен отбасыларға тегін сыйға берген. Әке жомарттығы мен ана ақылдылығына куә боп өскен. Бойжете бастаған кезде әлеуметтік жағдайларға байланысты оқуын жалғастыра алмай қалған. Ата-анаға қолғабыс етіп ауылда жүрген. Осылай жүріп, өмірлік жолдасы Аққасым Хұсайынұлына жолығып, Қызылтам ауылына,Серкеш руына келін болып түседі. Қайын жұртына үлгілі келін атанады. Бертін келе Қаракеткен ауылына қоныстанып,35 жыл мал шаруашылығымен айналысқан. 6 баланың анасы атанып, ауыл ішінде сыйлы азаматша болды. 1 ұл, 5 қызды тәрбиелеген әжем қазір немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. 6 баланы жетілдіру үшінқауын-қарбыз жинап сатып, қауынқұрт жасап сатып өмір сүрген. Еңбекқорлығымен көзге түскен әжем аудан депутаты болып сайланған. Әжем қазір 80 жаста. Осындай әжеден үлгі-өнеге алған мен ең бақытты жанмын. Әжемнің өлеңдерінен үзінді:
Бабаға арнау
Талай батыр өтіпті,
Толарсақтан қан кешіп.
Өлімге басын тігіпті,
Өмірінен баз кешіп.
Атамекен жері үшін,
Бұқара халық елі үшін,
Батыр бабам Бұқарбай,
Аямаған бар күшін.
Бұқарбай туған бұл мекен,
Арайланған нұр мекен.
Талай дүлдүл туғызған,
Сыр елім менің -жыр мекен.
Ер Табынның баласы,
Зарыға күткен анасы,
Сырда туды дегенмен,
Балам дер бар даласы.
Бұқарбайды мен өзім,
Арыстанға теңедім.
Батырлықтың иесі-
Төлқұжаты дер едім.
Атамекен қонысын,
Шұрайлы жер, ел ішін,
Ұрпағы елдің бүгінгі,
Бұқарбайдай қорысын!
Динара Фазыл,
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
3 курс студенті

17 сәуір 2019 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031