Ең жақсы адам...


Адам баласы үшін өмірде қымбат адамдар жетерлік. Әрбір үйдің берекесі мен тыныштығын, абыройы мен мерейін бұзып алмай, темірдей қатты тәртіпке бағындырып отырған әкелердің дәрежесі қандай жоғары десеңші...

    «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген ұғымы кең сөз бар дана халқымызда. Бұл сөздің ұғымына тереңінен үңіле алсаңыз, үлкен мағына жатқанын көре аласыз. Себебі, әке тәрбиесі мүлде бөлек дүние. Әкенің қаталдығы, көзқарасы, тіпті жүріс-тұрысының өзі тәрбиелей алады.
    Кеудемде соғып тұрған кішкентай жүректің төрінде менің әкемнің есімі, оның айтқан тәрбиесі сақтаулы және ешқашан өшпейді. Үйдегі қаталдық менің өз ортамда арлы да абыройлы қыз болып жүруіме үлкен әсерін тигізді. Әкем менің көзіме қарап ешқашан сөйлеген емес. Анам арқылы әкемнің  эмоциясын біліп отыратыным рас. Кей кездері әкеммен ашылып сөйлесіп, мойнына асыла құшақтап, оны қалай жақсы көретінімді айтқым-ақ келеді. Бірақ оның көзқарасы мені еріксіз тоқтатады. Үй ішіндегі тыныштық, өзара түсіністік әкемнің арқасында.
    Шындығына келгенде,  мен өз әкемдей адамды ешқашан таппайтынымды сеземін. Себебі, қазіргі ер-жігіттерден әкемнен көріп жүрген қырағылық пен қаталдықты көрген емеспін. Өз ортамда сыйлы азаматша болып жүргенім толықтай әкемнің еңбегі деп білемін. Ол мені үнемі еркелетпесе де, мені ешқашан таршылықта, қатарымнан қалдырған емес. Әкем ауыл ішінде сыйлы адам. Үйінде 10 баланың бесіншісі, яғни, ортаншы баласы менің әкем әулетте өз бауырларының арасында да өзіндік орны бар жан. Әкем маған әрбір кішкентай еңбекті шынайы бағалай білуге және әрбір еңбектің нәтижелі шығуына сеніммен қарауға үйретті.
    Оның маңдайынан аққан әр тамшы тер біздер үшін екенін мен жақсы білемін. Оның бет-әлпетін әжім басуы, күн сайын шаршап-шалдығып келуі, тіпті оның жейдесінің кірлеуі де біздер үшін екенін түсінемін. Мен әкемнің басындағы әрбір ағарған шашы мен жүзіндегі шаршаңқылықтың, оның бетіндегі біздер үшін пайда болған әжімінің есесін қайтаруға қанша тырыссам да, ол өтелмес борыш. Мен үшін менің әкем әлемдегі ең жақсы адам. Төмендегі өлең жолдарын өзіңізге арнаймын әкетайым:
Әкетайым
Маңдайынан қара жұмыс тері аққан,
Біздер үшін өтіп жүрген сынақтан,
Жаратқаным, жәрдем берші әкеме
Қамқор болшы, оған Аллам, жырақтан.
Баратұғын бала үшін бәріне,
Әкелерсіз мына өмірдің мәні не?!
Қызығына тоймай әрбір баланың,
Әкелерім жасай берсін мәңгіге.
Қамқор болған қыздарына жасырын,
Әкетайым сенсің менің асылым.
Көздеріңнен көре аламын күн сайын,
Маған деген сезіміңді жасырын.
Түсірмеймін көңіліңе қайғы-мұң,
Әкетайым сенсің менің байлығым.
Көтеремін атағыңды әкешім,
Асыл әкем,асқар тауым, ай-күнім!
Динара Балғабайқызы,
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжі
3курс студенті.
17 сәуір 2019 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031