» » » Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі қандай?

Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі қандай?

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді.
– Пітір-садақаның көлемі - 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден асырып, көбірек беруге де болады, – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы «Facebook» әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталады.
– 6 мамыр - оразаның бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін, – деген болатын А.Қонарбайұлы.
26 сәуір 2019 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9552)

28 қыркүйек 2019 ж.

№75 (9551)

24 қыркүйек 2019 ж.

№74 (9550)

21 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031