» » » Кітап оқу – бір бақыт

Кітап оқу – бір бақыт

Сәуірдің 22-27 күндері аралығында  №31 мектеп-гимназиясында  «Кітап оқу-бір бақыт!» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап апталығы болып өтті.
Апталықтың мақсаты: кітап оқуға шақыру арқылы  балаларды имандылық пен мейірімділікке тәрбиелеу,  ішкі жан-дүниесін рухани байыта отырып, отансүйгіштікке баулу.
Осы апталыққа ұстаздармен қатар мектеп оқушылары да белсене қатысты. Айтып өтер болсақ, 10-11-сынып оқушылары кітап туралы ойтолғанысын қағаз бетіне түсірсе, 9-сынып оұушылары кітаптың шығу тарихынан бастап, сыртқы мұқабасы мен әр парағының қалай аталатынына  зерттеу жасай отырып, бар білім мен ғылымның бастауы осы кітапта екенін ұғына түсті және кітап оқуды қолға алғандарын,оқыған кітаптарының мазұнымен таныстырып, ой-пікірлерін ортаға салды. Оқығандарын тоқи отырып, қазақтың би-шешендерінің, даналық сөздерін көрініс етіп  қойылым көрсетті.
5-7 сынып оқушылары арасында түрлі сыныптан тыс жұмыстар, интеллектуалды ойындар жүргізілді. 
Осы апталықта  ерекше айтып кетуге болатын, 8 сынып жетекшілері Ақалтын Камалова мен Гүлсайран Уразбаеваның ұйымдастыруымен әсерлі де қызықты өткен Қазақстан журналистер одағының мүшесі, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ақын, әнші және тәжірибелі ұстаз жерлесіміз Роза Көшекбайқызымен  «Ән-жырды жүрегімде әлдилеймін» атты әдеби-сазды кездесу  кеш ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты оқушыларды жалағаштық ақын Роза Көшекбайқызының шығармашылығымен таныстыра отырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Ақын апамыздың өмірімен, өнерімен таныса отырып, оқушылармен қатар ұстаздар қауымы да ақынның өлеңімен, әндерімен сусындады.
         Кешті мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Жанат Шәмшіқызы дирекция атынан ақын апаға алғысын айтып, шығармашылық жолда абырой биігінен көріне беруіне шын жүректен тілегін білідірді.  
№31 мектеп-гиназиясы.
30 сәуір 2019 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30