» » » Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы

Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы


Жаңадария ауылдық модельді кітапханасы мен №203 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен  "Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы" атты таным сағатты өткізілді. Шара барысында "Ой маржаны – кітапта" атты кітап көрмесі қойылды. Таным сағатта слайд көрсетіліп, "Кім тапқыр" ойыны ойнатылды жəне оқушылар кітап туралы көріністер қойды. Іс-шара барысында кітапханашылар кітапхананың тұрақты оқырмандарын марапаттады. Ардагер ұстаз Жақсыбай ата, әкімшілік қызметкері Эльмира Еркінбаева, 203 орта мектеп директоры Ерлан Жусупбеков, 203 орта мектептің тəрбие іс- жөніндегі орынбасары Нұрсұлу Торақбаева кітап күнімен құттықтап сөз сөйледі.   Ауыл ақсақалы Берікбай  Айназаров жастарға батасын берді.
    Шараның  мақсаты – білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.

02 мамыр 2019 ж. 1 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930