» » » Нью-Йорк туралы қызықты деректер

Нью-Йорк туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең үлкен агломерацияға ие Нью-Йорк қаласы АҚШ-тың солтүстік-шығысында орналасқан. Қала негізін голландиялық отарлаушылар қалайды. Сол себепті оның атауы алғашқыда Нью-Амстердам болған. Кейіннен қала билігі ағылшындар билігіне өтіп, Нью-Йорк атауына өзгереді. Назарларыңызға БҰҰ штаб-пәтері орналасқан қала туралы деректер топтамасын ұсынамыз. Басы • Нью-Йорктағы қытайлар орталығы әлемдегі ең үлкен Чайнатаун болып саналады. Сондай-ақ, қалада еврейлер саны өзге кез келген қаладан көп. • Әрбір 38-інші америкалық Нью-Йорк қаласында тұрады. • Алып қалада АҚШ-тың өзге қалаларына қарағанда жеті есе көп кофе ішіледі. • Уолл-Стрит көшесіндегі биржа қорында (Федералды резервтер банкі) әлемдегі алтын қорының 25%-ы сақталады. • Әрбір 21-інші Нью-Йорк тұрғыны — миллионер. • Нью-Йоркте Оңтүстік полюске қарағанда 15 есе көп қар жауады. Расында Антарктида шөлді аймақ болғандықтан, ол жерде қар аз жауады. • Эйнштейннің көзі Нью-Йорктегі банк сейфтерінің бірінде сақталады. Оны Принстондағы емхана офтальмологы 1955 жылы Эйнштейн қайтыс болғаннан кейін ортақ келісіммен алған екен. 1993 жылға дейін ақылды еврейдің көзі жасырын сақталып келген. • Нью-Йорктегі белгілі Эмпайр-стейт-билдинг ғимаратының жеке пошта индексі бар. • Нью-Йорк қаласында 800 түрлі тілде сөйлейтін адамдар тұрады. Бұл – әлемдегі ең үлкен көрсеткіш. • Нью-Йоркте алма өсірілмесе де, она кейде «Үлкен алма» деп атайды. Бұл тіркестің қайдан келіп шыққанын нақты ешкім айта алмайды. Дегенмен Миссури университетінің ғалымдары The New York Morning Telegraph газетінің журналисті Джон ФитцДжеральд өзінің бір мақаласында «Үлкен алма» тіркесін қала аты ретінде қолданғанын анықтаған. Әйтсе де бұл атаудың қалай пайда болғанын білдірмейді.

massaget.kz
12 мамыр 2019 ж. 24 0