» » » Рамазандағы соңғы он күннің ерекшелігі

Рамазандағы соңғы он күннің ерекшелігі

РамазандаÒÑ ÑоңÒÑ Ð¾Ð½ күннÑÒ£ еÑекÑелÑгÑРамазан – адамдарды құлшылыққа, ізгілікке шақыратын, тура жолға салушы қайырлы ай. Әсіресе, оның соңғы он түні ерекше  қасиетті екендігін ардақты Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  асыл хадистерінен көре аламыз. Айша анамыз (р.а.) жеткізген риуаят бойынша, Алла елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айының соңғы он күніне алғашқы күндерінен де аса көп көңіл бөлген.

   Ал Ахмад ат Тирмизи жеткізген бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әдетте Рамазанның соңғы он күнін мешітте құлшылық жасаумен оңаша өткізетін. Бір жылы ол олай жасай алмай қалып, келесі жылы мешітте жиырма күнін құлшылық жасап оңаша өткізген» делінген.

   Рамазанның соңғы он күні:

–       тозақтан құтылатын;
–       қасиетті Қадір түнінде Құран түскен;
–       барлық дұға тілектер қабыл болатын уақыт болғандықтан мына амалдарды жасаған жөн:
-       Құран кәрімді толық оқып шығу;
–       уақыттың көп бөлігін құлшылықпен өткізу;
–       мейлінше көп жақсылық жасау, садақаны көбейту;
–       күнделікті ізгі амалдардың санын арттыру т.б.

Бұл істеріміз арқылы Жаратушымызға одан сайын жақындай түсеміз.
         Міне, сондықтан Алла баршаңызға сүйген құлдарының қатарынан болуға жазсын! Осы бір мүбәрак айдағы құлшылығымыз бен қайырымдылығымыздың сауабы молая түссін!



http://mazhab.kz
 
29 мамыр 2019 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30