» » » 21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалында 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында «Бастау» жобасы негізінде кәсіпкерлерді оқыту жалғасуда.
         Бұған дейін үміткерлер үшін тестілеу ұйымдастырылып, емтихан қорытындысы бойынша 34 адам оқуға қабылданды. Оның ішінде 19-ы кәсіп бастауға ынталы жастар болып отыр. Оқуға қатышуларға бизнес-тренер Арыстан Молыбаев дәріс беруде.
         Айта кеткен жөн «Бастауға» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және өз ісін кеңейтуді көздейтін кәсіпкерлер қатыса алады. Оқуға өтінім беру ауыл әкімдігі мен аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады. Жуырда палатада оқыған 21 адамның барлығы 252 мың теңге қайтарымсыз гратқа ие болды.
         Бұған дейін «Бастау» жобасы бойынша оқыған 39 адамға сертификат табысталып, бизнес жобасын сәтті қорғап шықты. Ал, оқу курсын кеше аяқтаған кәсіпкерлер бизнес жобасын қорғап, қажетті құжаттарын жинақтап жатыр.

Н.ЖАНҰЛЫ.
31 мамыр 2019 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031