» » » БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-ли­цейінде бір ай бойы «Қамқорлық» қа­йы­рымдылық акциясы өтті. Мақсаты – күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына және басқа да санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік себептермен балалардың сабаққа келмей қалуының алдын алу. Акция барысында аудандық білім бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп «Қамқорлық» акциясына байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізді. Көп балалы, тұрмысы төмен отбасымен танысып, тұрмыс жағдайын анықтау барысында сынып жетекшілері рейдтер жасады. Нәтижесінде, аз қамтылған отбасындағы 77 оқушыға мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақ беріліп келеді.
Сонымен бірге, осы ай ішінде мөлтек ауданда бірнеше рейдтік іс-шаралар өткізілді. Мөлтек аудан бойынша 22 рейд жасалып, оған мектептің 20 мұғалімі, 1 ішкі істер қызметкері, 9 мектеп лаборанты және 17 ата-ана қатысты. Қазіргі уақытта бастауыш сынып мұғалімдері мөлтек аудандағы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен балалардың мекен-жайын, 18 жасқа дейін балалардың әлеуметтік жағдайын анықтауда. Ондағы мақсат – оқушылардың тұрмыс шарттарын тексеру, балалардың сабаққа қатыспауының алдын-алу, білім алмай жатқан балаларды немесе түңгі уақытта ересектер бақылауынсыз үй сыртында жүрген балаларды анықтау. Шара барысында мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері және мектеп кәсіпкері демеушілік жасап, нәтижесінде, аз қамтылған отбасындағы 12 оқушыға, тұрмысы төмен отбасынан 5 оқушыға және көп балалы отбасынан 5 балаға қажетті әлеуметтік көмек көрсетілді.
Ел бойынша қолға алынған игілікті шара аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы отбасы балаларына ерекше назар аударылып, оларды қолдау мақсатындағы көмектер жүзеге асуда.

А.ЕСЖАНОВА,
Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің кәсіподақ төрайымы, әлеуметтік
педагогы.
13 ақпан 2018 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031