» » » ЖОМАРТТЫҢ ШУАҒЫ ЖАНДЫ ЖЫЛЫТАДЫ

ЖОМАРТТЫҢ ШУАҒЫ ЖАНДЫ ЖЫЛЫТАДЫ

Халқымызда қайырымды іс қылып, қолда барын айналасына шын ниетімен бөліскен адамды жомарт атаған. Қайырымдылық – жүректегі мейірімнің сәулесі. Бүгінде әлем мейірімге мұқтаж. Адамдардың көңілі тым салқын тартып барады. Ал, осындай қоғамға адамзат көңілінің мейірім шуағы керек-ақ. Осыған орай аудандық білім бөлімі 2018 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізді. Аталған шара осы уақыттар ішінде №201 мектеп-лицейінде де өтті. Акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтап, есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік жағдайына байланысты мектеп киімдеріне деген қажеттілігін өтеп, балалардың толыққанды білім алуына жағдай жасау. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 (1-18, 5-18) жас аралығында 1028 баланың тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. 5-7 сыныптарда «Жақсылық – жан шуағы», «Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыптарында ашық сабақ және тәрбие сағаты өтті. Ақпан айының 8-і күні «Тағылым» шаңырағы мүшелерінің қатысуымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық кеш ұйымдастырылды. Кешке мектеп оқушылары және ата-аналар, ұстаздар қатысты. Демеушілік есебінде жиналған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары және үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушылар жылы киімдер мен сабаққа қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. «Қуанса – бала қуансын». Бұл балалардың келешекте қоғамның қамқорлығын сезініп өсуіне, ер жетіп еңбекке жарағанда еліне қызмет етуіне жол ашады.

Нәзира Әбдіраманова,
№201 мектеп- лицейдің
әлеуметтік педагогы.
13 ақпан 2018 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031