» » » ХАЛЫҚ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

ХАЛЫҚ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАДЫ


Қай мемлекеттің де болашағы – сол елді басқаратын адамның сыртқы, ішкі саясаттағы ұстанымымен, әлем елдері алдындағы, халықаралық ұйымдар арасындағы биік беделімен байланысты. Осыны ескерсек, еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда қазақстандықтар дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Өйткені, Қазақстан Республикасының жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық таңдауына лайық тұлға.
Сайлауда жеті үміткердің ішінен 70,96 пайыз дауыс басым­дығымен айқын жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекет басқаруда мол тәжірибесі бар. Жоғары лауазымды қызметтердің барлық сатыларынан өткен сарабдал саясаткер, елшілік қызметтер атқарған жылдары да өзге елдермен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеп, мәмілегерлігімен халық сенімінен шықты. Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келешекке жасалған жоспарларын жалғастырып, мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырады деп сенемін. Халық – Құдайдың бір аты. Ендеше, халық таңдауы – еліміздің мүддесіне қызмет жасайды.


Кенжеғара СҮЛЕЙМЕНОВ,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.
13 маусым 2019 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031