» » » Қызылордада студенттер көне Жанкент қалашығын зерттейтін болды

Қызылордада студенттер көне Жанкент қалашығын зерттейтін болды

Қызылордалық студенттер археологиялық қазба жұмыстары экспедициясына қатысуға мүмкіндік алды. Олар Жанкент қалашығында кезекті далалық зерттеу шараларына қатысып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Бұл бағытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тиісті іс-шараларды қолға алды. Бағдарламаның «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы аясында университет жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы ортағасырлық Жанкент қалашығында кезекті далалық зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

Сондай-ақ, оған жоғару оқу орнында археология және этнология мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер де тартылды. Нәтижесінде білім алушы жастар экспедиция барысында өндірістік тәжірибеден өтеді. Оларға Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, PhD доктор Әзілхан Тәжекеев жетекшілік етіп келеді. Жас мамандар археологиялық барлауды жүргізу әдістерімен де танысып, тәжірибелік білімдерін шыңдайды.

«Жастар алғашқы күні ортағасырлық Жанкент қаласының және онда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының тарихымен танысты. Оған қоса қазба нысанының орнын дайындау және көлемін анықтау, қазба барысының фотоқұжаттамасын дайындау, қазба нысанының сызбасын дайындау және қазба жұмыстарынан алынған жәдігерлерді жинақтау, тазалау, өңдеу сынды археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің әдістерін үйренді», - деді Әзілхан Тәжекеев.

Студенттер қазба жұмысынан тыс уақытта олар Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауылында орналасқан ортағасырлық Сараман-қоса мұнарасымен танысты. Еске сала кетсек, 2005-2019 жылдар аралығында Жанкент ескерткішінде 9 қазба нысаны салынды. Бұл ескерткіште қазба жұмыстарымен қатар қайта қалпына келтіру және музеефикация жұмыстары да қолға алынған.


https://syrboyi.kz
19 маусым 2019 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031