» » » Қазаннан Абай туралы жазылған ескі газеттер әкелінді

Қазаннан Абай туралы жазылған ескі газеттер әкелінді



Семейде Абай туралы естеліктері бар ескі кітаптар мен мақалалардың көшірмесі таныстырылды. Олардың барлығы да татар тілінде, деп жазады Аltaynews.kz. 

Н.И. Лобачавский атындағы Қазан мемлекеттік университетінің архивінен ақын шығармашылығына байланысты көптеген құнды дүниелер табылған.
«Вакыт» газетіндегі Абай туралы мақала араб тілінің каллиграфиясымен жазылған, -деді музейдің ғылыми хатшысы Шынар Мұратқызы. Әзірше мақала мағынасы зерттелген жоқ. Мамандар бұл мақала шамамен 1908 жылы жазылған деп отыр. Сондай-ақ, татар тіліндегі Абай шығармалары да бар екен. 
Музей қызметкерлері «Кедей мұсылмандарды қамқорлыққа алу туралы басқарма есебі» деген құжатты да тауып алыпты. 
Бұл 1900 жылы шыққан. Басқарма 1898 жылы ұйымдастырылып, құрамына 10 құрметті мүше, 26 құрылтайшы кірген. Жиналған қаржы қаладағы жағдайы жоқ мұсылман отбасыларын берілген. Мүшелерінің ішінде Әнияр Молдабаевтың да фамилиясы тұр. Бұл кісі Абайдың тәрбиесінде болған адам. 
Шынар Мұратқызының айтуынша, барлық табылған дүниелер Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылатын көрмеге қойылып, жұрт назарына ұсынылатын болады.





26 маусым 2019 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 566

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031