» » » Нәтижелі жұмыстардың жемісі Жалағашты көш басына шығарды

Нәтижелі жұмыстардың жемісі Жалағашты көш басына шығарды

Биылғы жастар жылы аяқталуға таяу. Ел ішінде ауқымды шаралар ұйымдастырылып, ірі бастамалар қолға алынды. Айтулы жылда ауданда қандай бастамалар бой көтерді? Жастар жылы жалағаштық жастар үшін жемісті болды ма? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ерхан Бақбергенұлымен әңгімелестік.

– Ерхан Бақбергенұлы, өзіңізге белгілі, биылғы жыл жастарды қолдау жылы. Осы бағытта қандай ауқымды жобалар қолға алынды?
– Жалпы Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8226 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 24,7 пайызын құрайды.
Елбасының биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы бізге, яғни жастарға қолдау көрсетуі мен сенім артуы деп айтуға болады. Жалағаш ауданындағы жастар жылының ресми ашылуы Наурыз мейрамында жұртшылық алдында салтанатты түрде өткізілді. Арнайы рәсімде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев және жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионы Есенкелді Сәпидің қатысуымен жастар жылының туы көкке көтерілді. Жастар жылы Жалағаш жастары үшін жағымды жаңалықтарымен басталды. Аудандық бюджеттен 5 000,0 млн теңге бөлініп, жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығы ашылды. «Coworking»орталығында жастардың тұлғалық қалыптасуына арналған тақырыптық семинар-тренингтер, түрлі бағыттағы спорттық шаралар ұйымдастырылып, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Орталықта жастар үшін үстел теннисі, аэрохоккей, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, гір тасы, армрестлинг, спорттық жабдықтары, музыкалық аппаратура, видеоойындармен компьютерлік қызметтерді тегін алуға мүмкіндіктер жасалған. Бүгінгі күнге дейін «Coworking» орталығында түрлі форматтағы 52 шара өткізілді.
Аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жалағаш аруы» байқауы, аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы, «Zhalagash Life» жастар лагері, аудандық жайдарман лигасы,«Жалынды жас» еріктілер мектебі, «Жас Отау» және «ИНСАЙТ» жобалары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Сонымен бірге осы жылдың 2-4 тамыз күндері аудан жастарының қатысуымен тұңғыш рет еңбек лагері ұйымдастырылып, оған 25 жас қатысты. 25-27 тамыз аралығында дәстүрлі «Zhalagash Life - 2019» жастар лагері екінші рет өткізіліп, Жалағаш кенті және ауылдық округтерден барлығы 60 жас қатысып, біліктіліктерін арт­тырды.
Бұдан бөлек «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмыс жоспары әзірленіп, барлық ауылдық округте еріктілер мектебі құрылып, мүшелікке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Еріктілер мектебінің құрылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауына бай­ланысты ауданда атқарылатын жұмыстарға өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Біз де жоспар аясында ауданымызда бірқатар іс-шараларды жүзеге асырдық. Барлық мемлекеттік мекемелерде, аудан көлемінде жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында нәтижелі жұмыстар жасалды. Сонымен бірге жылдағыдай жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру бойынша да атқарылатын жұмыстар күшейіп, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмысы жанданды.
– Елде жастар саясатын дамытуда жасалып жатқан жұмыстар қаншалықты нәтижелі? Саланы дамытуда қандай жобаларды жетілдіруді ұсынар едіңіз?
– Бұған дейін ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша бірқатар тиімді әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Әлеуметтік жобаларға бөлінген қаржы көлемі өткен жылы екі есеге артты. Оның ішінде аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлының қолдауымен белсенді жастарды қолдауға бағытталған аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы тағайындалған болатын. Бұл сыйлық биыл екінші рет форум аясында табысталды. Ол тек біздің, яғни жастар ресурстық орталығының ғана жұмысы емес, өйткені осы жобаларды іске асыру аудандағы белгілі жас кәсіпкерлер мен түрлі салалардағы жас мамандармен бірлесе отырып атқарылған жұмыстар деуге әбден болады.
Біріншіден, «Біздің қоғамымызда жастарға не қажет?» деген сұраққа жауап беруіміз керек сияқты. Өйткені қазіргі таңдағы жастардың заман талабына қарай күнделікті өзгеріп, талаптары да молая түскені анық. Сондықтан да біз қазіргі жастардың ғаламторға тәуелділігін ескере отырып, оны тиімді пайдалану үшін әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыстарды күшейтуді қолға алдық. Меніңше, осы тетіктің өзі біршама дамуға бастайтын жолды айқындап беретін сияқты.
– Жастардың жұмыспен қамтылу жайы қалай?
– 2018 жылы аудандағы жұмыссыз жастардың жалпы саны 4,5%-ды құраған болатын. Жастарды тұрақты немесе маусымдық жұмыстармен қамту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргіздік. Өткен жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында жұмыс жасауға 300-ден аса жас өтініш білдіріп, 114 сарбаз көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тартылды. Оның ішінде 24 жас жұмыссыз.

Аудан бойынша жастар арасындағы жұмыс­сыздық деңгейі 2019 жылдың есепті кезеңіне 4,4 пайызды құрап отыр. Осыған орай, аудандық жастар ресурстық орталығы және халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен ауылдық округтерде NEET санатына жататын (жұмыстан қысқарғандар немесе шығып қалғандар, оқуды бітіріп жұмыс таппай жүргендер, денсаулығына байланысты үй жағдайындағылар) жастармен тоқсанына 1 рет, барлығы 3 рет адрестік жұмыстар жүргізіліп, 18 рет кездесу, 14 рет кеңес беру шарасы өткізілді. Биылғы жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен 150 жас ауданның көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысып, маусымдық жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ Таң ауылдық округінде «Жасыл өлке» қоғамдық бірлестігі арқылы 20 жас маусымдық жұмыспен қамтылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша да жыл басынан бері жеңілдетілген несие мен тұрғын үй алуға немесе салуға 122 адамға 447,0 млн теңге несие берілген. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ауданда сұранысқа ие кәсіптер айқындалды. Олар көкөніс өсіруші, кондитер, тігінші, шаштараз және тағы басқа. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шағын несиелендіру аясында 2018 жылға бөлінген қаржы есебінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 106 адамға 417 млн 138 мың теңге шағын несие берілді.
2019 жылдың 10 айында 230 адамның бизнес жобалары өңірлік комиссияға ұсынылып, 204 адамның 83 млн 325 мың теңгенің жобасы оң қорытынды алды. «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқу курсына барлығы 222 адам қатысқан. Нәтижесінде 149 адам оқуды аяқтап, 85 адам қар­жылай қолдау тапты, 81 адам қайтарымсыз грант, 4 адам шағын несие.
Ал халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша 903 адамға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына 53 адам, жастар тәжірибесіне 356 жас маман, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 494 адам, жұмысқа орналастырылу бойынша 606 адам қамтылды. Осылардың ішінде әр сала бойынша қамтылған жастар бар.
– Өзіңізге белгілі, елімізде кәсіпкерлік сала­сына ден қойылуда. Жалпы аудан жас­тарының кәсіпке бетбұрысы қалай?
– Жалағаш ауданында жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында да бірқатар жұ­мыс атқарылуда. Аудан бойынша 2019 жыл­дың 1 қазанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тілеріндегі жас кәсіпкерлер саны 403-ті құрап отыр. Бұл жылдың 9 айында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 142 жас кәсіпкер ретінде тіркелген. Сондай-ақ 2019 жылдың басынан аудан бойынша мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 101 жас кәсіпкер 208,6 млн теңгеге қаржыландырылып, жобасы қолдау тауып отыр. Сонымен бірге «Жас кәсіпкер» жобасы шеңберінде 110 жас кәсіпкерді оқыту жоспарланса, бүгінде 114 жас жолданып, 110 жас оқытуды аяқтап, 73-і мемлекеттік гранттар алып, өз кәсібін ашты.
Осы жылдың 28 қарашасында Аққұм ауылдық округінде аудандағы жас кәсіпкерлердің еркін форматта тәжірибе, пікір алмасуын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің қатысуымен алғаш рет Жалағаш ауданының жас кәсіпкерлерінің форумы өтті.
Ашығын айтқанда, мемлекеттің жастарға қам­қорлығы артқан сайын жастардың белсенділігі де артып келеді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда, сәйкесінше, оған қатысушы жастар да белсенді. Аудан жастарының белсенділігін арттыруда жастар ресурстық орталығы жанынан «Жалынды жас» еріктілер мектебі құрылып, өз жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда еріктілер мектебіне 80-нен астам жас мүше болды.
Осы тұста айта кеткенді жөн санап отырмын. Өйткені көңіл толмайтын тұстар да жоқ емес. Кейбір жастардың өзіне керекті жұмысты өзі емес, ата-анасына іздетіп қоятын жағдайлар кездесіп жатады. Сондай сәттерде жастар жанашыры ретінде жастардың сәл қиыншылықтарға мойымай, жігерлі болып, ізденіспен алға ұмтылғанын және ерінбей еңбек еткенін көргім келеді.
– Жалағаштық жастар арасында жайдарман ойыны жақсы дамып келеді. Осы туралы айтсаңыз...
– 2017 жылдан бастап ауданда жайдарман ойындарын өткізу қайта қолға алынды. Екі жыл қатарынан ұйымдастырылған жайдарман ойын­дарында кент және ауыл жастарының белсенділігін арттыру мақсатында командалардың Қызылорда және басқа да өңірлерде өнер көрсетуіне қолдау білдірдік. 2017-2018 жылғы жайдарман маусымының ойындары бойынша «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Қызылорда облыстық филиалының шешімімен «Үздік аудандық лига» номинациясымен Жалағаш ауданы марапатталды. 2018 жылдың жаңалығы ауданымызда жаңадан «Жалағаш құрамасы» жайдарман тобы құрылып, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен жайдарман маусымында «Ақмешіт жастары» газетінің 5 жылдығына арналған кубокті жеңіп алды.
Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда КВН филиалының ұйымдастыруымен өткен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақыры­бындағы көңілді тапқырлар сайысында Жалағаш ауданы әкімдігінің "Б корпусы" командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. 2019 жылы ақпан айының 4-12 күндері аралығында Астана қаласында өткен республикалық "Маусымашар – 2019" жайдарман фес­­тиваліне «Жалағаш құрамасы» командасы қаты­сып, республикалық жоғары рейтингті «Бірінші лига» ойындарына жолдама алды. «Жалағаш құрамасы» жайдарман тобы республикалық жастар әзіл кешінде жүлделі ІІІ орынды еншілеп қайтты. Еліміздің әр өңірінен келген командалар арасында аудан намысын қорғап, топ ішінен оза шапты. Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған кеш облыс орталығындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында өтті. Әзіл кешін «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукен жүргізген болатын. Әзіл кешінде жүлде қоры 150 мыңдық III орынды «Жалағаш құрамасы» командасы иеленді.
Ендігі жоспар аудандағы жайдарман ойын­дарының деңгейін жоғарылатып, облыстық және рес­публикалық ойындарда өнер көрсететін коман­далардың санын арттыру.
–Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ



07 желтоқсан 2019 ж. 583 2

advokatqostanay.kz от 11 қаңтар 2020 07:47
Адвокат в Костанае окажет помощь по уголовным и гражданским делам, защитит Ваши права в суде!
Записаться к адвокату можно ​тут​​​

generic cialis от 28 қаңтар 2020 07:05
cheap cialis online

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9594)

25 ақпан 2020 ж.

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 57

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 835

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 748

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829