» » » ШЕГІРТКЕДЕН ҚОРЫҚҚАН ЕГІН ЕКПЕС

ШЕГІРТКЕДЕН ҚОРЫҚҚАН ЕГІН ЕКПЕС

Міне қаһарлы қыс өтіп, көрікті көктем есік қақты. Жер ана бусанып, табиғат түлеп түрленді. Иісі қазақ мұсылман қауым күн мен түн теңелген, береке мен жақсылықтың бастауы, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлады. Көктем айы қарбаласқа толы. Аудан шаруашылықтары көктемгі ақ егіс жұмыстарын бастады. Жалпы, бұл мезгілде тұқым себіліп, мол өнімге негіз қаланады. Дегенмен де өңірде ауыл шаруашылығы алқаптарында өсімдік зиянкестерінің де бар екенін ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан ҚР АШМ АӨК МИК-нің Жалағаш аудандық аумақтық инспекция басшысы Бауыржан Нұрмахановпен ауыл шаруашылығы дақылдары ауруына қарсы күрес шаралары туралы әңгімелескен едік.
– Күріш дақылы және жоңышқа зиянкесінің алдын алу шараларын түсіндіре кетсеңіз?
– Пирикуляриоз күріш дақылының аса қауіпті ауруы болып есептеледі. Бұл ауру өсімдіктің бірінші кезекте дақыл сабағының өткізу жолдарын зақымдап, тамырдан қоректік заттардың келуіне тосқауыл қояды. Вегетация кезінде сабақ жапырақтарына қоректік заттардың жетіспеуінен кішкене дақтар пайда болады, дәндердің мейлінше аз болуына және толық пісіп жетілмеуіне әкеліп соғады. Соның салдарынан күріш 20-35 пайызға дейін өнімді төмендетеді.
Енді бұл аурудың алдын алып, болдырмау үшін не істеу қажет дегенге келейік.
Ең алдымен ауыспалы егіс талап­тарының орындалуына баса мән беру керек. Зақымдалған атыз танаптардан түскен өнімді бөлек жинап, астық ретінде пайдаланып, күріш ауруы байқалған танаптарды жоңышқалыққа айналдырып, 3 жыл ұстаған абзал. Сонан соң, аурудың қоздырғышына қарсы Фундазол препаратымен өңдеу ұсынылады.
Пирикуляриоз ауруына көп жағдайда ауа райының қолайсыздығы әсер етеді. Жауын-шашынды, желсіз тымырсық болуы аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ауруды таратушы және залалдаушы ошақ болып табылатын арамшөптерді гербицидті пайдалану арқылы пирикуляриоз ауруынан сақ болайық.
Фитономус личинкаларының зиянды әрекеті біріншіден, ол жоңышқаның жапырағын жеп, оның құнарлығын және органикалық затты синтездеу қабілетін төмендетеді, екіншіден келешек ұрық түзетін бүршігін жеп, тұқымын, өнімін төмендетеді, үшіншіден, мал үшін зиянды, улы экстременттер (контарин) бөліп шығарып, жоңышқаны ластайды. Фитономустың жоңышқа пішініне және тұқымының өніміне келтіретін зиянының мөлшері әрбір сабақтағы личинканың-құрттың орташа санына байланысты. Мысалы, әрбір сабаққа орташа бір личинкадан келетін болса, жоңышқаның көк балаусасының өнімі әр гектар сайын 17-20 центнер, пішен 4-5 центнер тұқымы 27-30 центнерге төмендейді.
Жоңышқа зиянкестеріне қарсы күрес шаралары негізінен агротехникалық жә­не химиялық шараларды дер кезінде іске асыру болып табылады. Біріншіден, жоңышқа дақылын ерте көктемде тырмалау, арамшөптер қалдықтарынан тазартып, жоңышқаның ерте көктеуіне әсер етеді. Екіншіден, ерте көктемде екінші жылғы жоңышқаны суару фитономустың 16-18 есе азаюына септігін тигізеді. Үшіншіден, фотономуспен зақымданған жердің жоңышқасын химиялық препаратпен өңдеу арқылы зиянкестердің көлемін азайтып, зардабын кемітуге болады.
– Ерекше қауіпті зиянкес шегіртке дернәсілімен күрес қалай жүріп жатыр?
– Қызылорда облысында ерекше қауіпті зиянды организмдер қатарына Азиялық және Италияндық прус шегіртке зиянкестері тіркелген. Олар үйірлі шегірткелер қатарына жатады. Жылына бір рет ұрпақ береді. «РФДжБӘО» ММ Жалағаш ауданы филиалы мамандарының 2017 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша аудан көлемінде ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары республикалық бюджет есебінен қарастырылып отыр. Биыл азиялық шегірткеге қарсы - 9600 га, италияндық прусқа қарсы - 8885 га, аса жеңіл ұшақпен -10698 га, жер агрегатымен - 7787 га, барлығы - 18485 га көлемге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Осы көлемге химиялық өңдеу жұмыстарына бөлінген инсектицидтер ауданымызға келді. 2018 жылға болжам азиялық шегірткеге 9526 га, италиялық прусқа 9203 га, жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз.
Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген уақытта адам денсаулығына, сыртта жайылып жүрген малдарға, асыранды бал араларына зиян. Осы жоғарыдағы аталған жайларға байланысты химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін кезде үйірлі шегіртке дернәсілдері көптеп шыққан уақытта әр ауыл округтеріндегі күріш егетін шаруашылық басшылары мен жұмысшылар «РФДжБӘО»ММ Жалағаш аудандық филиалы мамандарына немесе ҚР АШМ АӨК МИК-нің Жалағаш аудандық инспекциясына хабарласуларын сұраймыз.
– Сұқбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Серік БЕРТАЕВ.
07 сәуір 2018 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30