Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:19

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды

14.11.2023

437

0

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен  Өзбекстан Республикасының 15 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Шетел азаматтары жеке мақсатпен Қазақстан Республикасының шекарасына өтіп, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін, Қазақстан аумағынан кетуден жалтарып, соған байланысты оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келетіні және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының» 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі көші-қон карточкасында көрсетілген тіркеу мерзімі өткен соң аяқталатыны көрсетілген.

Сот қаулыларымен 15 шетел  азаматының әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшері 30 пайызға қысқартыла отырып, айыппұл салынды.

Жалағаш аудандық соты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: