Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 04:41

АРЗАН БАҒА, САПАЛЫ ӨНІМ

20.11.2022

704

0

ҚР Президенті сайлауы күні аудан орталығында жәрмеңке ұйымдастырылды. Шарада өңірде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынылды. 

Жәрмеңкеде сөредегі өнімдер бағасымен өзіміз де танысып шықтық. Расында базар бағамынан төмен. Халық та риза, сатушыда да өкпе жоқ. 

Алдымен сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасап, жәрмеңкеде сауданың көркін қыздырғандар қатарында Асанәлі Арапбаев та бар. Ол бүгінгі жәрмеңкеде қыстық азығын қамдап алыпты. Көлігінің артындағы өнімдерге қарасақ, әсіресе ол бақша өнімдеріне басымдық беріпті. 

– Бұл өзі жақсы шара болды. Сайлау учаскесінде таңдау жасап, шыққасын сауда жасап жатырмыз. Орталық алаңда түрлі спорттық шаралар өтіп жатыр. Барлығы керемет, тура бір сайлау емес, ауданда мерейтой өтіп жатқан секілді. Бастысы халықтың белсенділігі байқалады, – дейді кент тұрғыны.

Айта кетейік, бүгінгі жәрмеңкеге жергілікті шаруашылықтар 45 көлікпен 162 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізген. Жалпы құны 45 млн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы өнімдері жалағаштықтарға нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды. 

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: