Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі фотосурет өнерінің көрнекті өкілі Болат Омарәлиевтің өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Болат Шамаұлы отандық журналистика мен фотоөнердің дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның халықаралық және республикалық деңгейдегі шығармашылығы отандық мәдениет тарихында өшпес із қалдырды. Ол көптеген жас журналистерге тәлім беріп, фотожурналистердің бірнеше буынын тәрбиеледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Болат Шамаұлының отбасына, туыстары мен достарына көңіл айтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!