Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Сейсенбі, 15 сәуiр, 22:00

Имамдар қанша жалақы алады

14.04.2025

162

0

Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Діни басқарманың мәліметінше дін қызметкерлері ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып отыр.

«ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті», – деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар.

«Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде», – деп түйіндеді ҚМДБ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: