Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. «Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ханбибі Асқарова, аудандық партия филиалының консультанты Асхат Ахметжамиев Жалағаш кенті орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың тазалығына мониторинг жұмыстары жүргізді.
Аталған мониторинг жұмыстары партияның «TazaLike» жобасы аясында жүргізілді. Кәсіп иелеріне қоршаған ортаны таза ұстау, шашылған қоқыстар уақытылы жинап отыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалды.
Кәсіпкерлік нысандардың тазалығына мониторинг жұмыстары жүргізілді
14.04.2024
144
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!