Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты түсінік берді.
«Электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елінде енгізілген. Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», – деді ІІМ өкілі арнайы баспасөз мәслихатында.
Ведомство өкілінің айтуынша, төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексеріледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!