Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Президент «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!