Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 23:51

Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттады

09.03.2022

486

0

Ақпан айының қорытындысы бойынша ҚР-да жолаушылар әуе көлігі қызметінің бағасы жылдық динамикада 17,7%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің бірқатар аймақтарында сектордағы бағаның өсуі ерекше байқалды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында авиатасымалдау қызметтерінің құны бір жылда бірден 45,7%-ға өсті. Антилидерлер үштігінде Маңғыстау (43,2%-ға) және Түркістан (34,8%-ға) облыстары да бар.

Сонымен қатар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында бағалар өзгерген жоқ, ал Павлодар және Жамбыл облыстарында тиісінше 14,2% және 22,2%-ға төмендеді.

Осы жылдың қаңтар айында авиакомпаниялардың кірістері 20,9 млрд теңгені құрады. Кірістердің басым бөлігі, яғни 20,4 млрд теңге  дәстүрлі түрде жолаушылар тасымалына тиесілі. Жүк тасымалдаудан түскен табыс 534,8 млн теңгені, жүргізушімен көлік құралдарын жалға беруден түскен табыс – 215 млн теңгені құрады.

Салыстырып көрсек, өткен жылдың ұқсас кезеңінде кірістер 40,8%-ға, яғни 19,6 млрд теңгеге дейін төмендеді.

2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстандық авиакомпаниялар 527 мың адамды тасымалдады – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 11%-ға аз. Жолаушылар айналымы, керісінше, жылына 0,6% – ға, 850,9 млн ЖКМ-ге дейін біршама өсті.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау саласында айтарлықтай төмендеу байқалды. Осы жылдың қаңтар айында жүк тасымалдау көлемі бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңге қарағанда 53,2%-ға, 1,2 мың тоннаға дейін қысқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: