Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Бейсенбі, 24 сәуiр, 16:29

ҚХА қуатты институтқа айналды — Мемлекет басшысы

24.04.2025

51

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Ассамблеяның барлық белсенді азаматтарына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Қазақпарат.

— Ассамблея қоғамда кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге белсене атсалысып келеді. Александр Папп Ассамблеяның Жұмысшы мамандықтары жылын өткізуге белсене кіріскенін атап өтті. Өткен жылы Еңбек күнінде Сенат пен Мәслихат депутаттары Ассамблея мүшелерімен бірге еліміздің ірі кәсіпорындарына барып, өндіріс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бұл бастаманы Еңбек күнін атап өтудің жаңа дәстүрі ретінде биыл да жалғастыруға болады. Осылайша, ҚХА бүгінде қоғамдық келісімнің бірегей инфрақұрылымын қалыптастырған қуатты тармақтары бар институтқа айналды. Жер жүзінде мұндай бірегей ұйым құра білген мемлекет кемде-кем. Ассамблеяның арқасында еліміздегі барлық этностар Қазақстандағы оң өзгерістердің бел ортасында жүр, — деген Мемлекет басшысы Георгий Прокоп, Владимир Розметов, Юрий Пя, Иван Сауэр, Борис Князев, Алина Соловьёва, Вадим Басин, Александр Хмелёв, Геннадий Зенченко тұлғаларды ерекше атап өтті.

Тоқаев жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген Ассамблеяның барлық белсенді азаматтарына алғыс айтты.

— Мен жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген Ассамблеяның барлық белсенді азаматтарына шынайы алғысымды айтамын. Туған жерге пайдамды тигізсем деген алғаусыз ниетті өмірінің мәніне айналдырған олар нағыз отаншылдық пен адал азаматтың үлгісін көрсетті. Ассамблея Төрағасының қоғамдық орынбасарлары ретінде жыл бойы лайықты еңбек еткен Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шинге ризашылығымды білдіремін. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары болып жаңадан тағайындалған Дмитрий Валерьевич Останькович пен Расул Сурмалиевич Ахметов — қоғам құрметтейтін абыройлы азаматтар. Олардың білімі мен білігі Ассамблеяға үлкен пайдасын тигізеді деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: