Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:26

Қоғамдық бірлестік құру үшін 3 адамның бастамасы жеткілікті болмақ

08.11.2023

178

0

Елімізде қоғамдық бірлестік құруға қажетті бастамашыл азаматтардың саны үш есе қысқартылмақ. Мәжіліс депутаттарына Қазақстан заңдарына қоғамдық бірлестіктер бағытында өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

Оның сөзінше, қоғамдық бірлестіктердің жұмысын реттейтін заңның алғаш рет қабылданғанына 27 жыл болған. Яғни, оны заман талабына сай жетілдіру уақыт талабынан туындап отыр.

«Бұл өзгерістердің ең басты жаңалығы – ендігі жерде қоғамдық ұйымды тіркеу үшін бастамашыл азаматтардың санын 3 есе, яғни 10 адамнан 3 адамға дейін қысқарту болмақ. Дегенмен қоғамдық ұйымдарға қатысты мұндай еркіндік әлемнің озық тәжірибесіне сүйеніп жасалғанын ерекше атап өту керек. Біз өз кезегінде Бельгия, Чехия, Литва елдерінде бар жүйеге жүгініп, бастамашыл 3 адамдық принципті қабылдап отырмыз», – деді министр.

Аида Балаеваның пайымынша, бұл қадам Қазақстанның халықаралық беделін бекіте түседі.

«Оның үстіне бұл заң жобасы еліміздегі соңғы кездегі құрылған жаңа өңірлер туралы заңнамалық өзгерістерді ескере отырып, коммерциялық емес ұйымдар туралы қолданыстағы заңның нормаларын қайталамайтынын атап өту керек. Жалпы заңды қабылдау қосымша қаражатты қажет етпейді», – деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: