Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сенбі, 28 қыркүйек, 02:25

Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы фракция отырысында тыңдалды

02.08.2024

223

0

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жоспарлы отырысы өткізілді. Отырысқа Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Қуат Ахетов жасап, отырысқа арнайы аудандық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Елеусінов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне «AMANAT» партиясының Жалағаш ауданы бойынша «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына орындалу барысымен Жалағаш ауданы бойынша білім беру саласының жайы және жақсарту шаралары туралы мәселелер қаралды.

Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына Жол картада қамтылған әрбір тармақ бойынша баяндады. Сөз алған Жалағаш аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жазира Жүргенова білім беру саласының жайы және жақсарту шараларымен алдағы жоспарларымен бөлісті. Фракция мүшелері баяндамашыларға өз сауалдарын қойып, сайлауалды бағдарламаның толыққанды іске асуы бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: