Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:29

СУДА ҚАТЕРГЕ ҰШЫРАҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ

19.07.2024

250

0

Қолтығынан демеп сүйреу: құтқарушы суға батқан адамныңқолтығынан демеп, арқасымен жүзе сүйрейді.

         Шашынан сүйреу: бір қолмен суға батқан адамның шашынан немесе жағасынан ұстап, зардап шегушінің басы су бетіне болатындай, қандай да бір әдіспен жүзу керек.

Шынтақтан жоғары ұстап сүйреу: суға кетушінің арт жағынан екі қолынан үстау, артқа тартып, оң (сол) қолды қолтығының астына тығып, арқасына қарай өткізу, басқа қолының шынтағының жоғарғы жағынан ұстап, бүйірлеп жүзіп сүйреу.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін 6 минут кешікпегенде өмірге оралтуға болады.

         Зардап шеккеннің басын қисайтып, ауызды құм мен балдырдан тазарту керек. Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтан артық кетпеуі керек. Зардап шегушінің  тынысы мен тамыр соғысының бар-жоғын анықтау қажет.  Тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан-ауызға» тәсілімен жасанды дем беруге кірісу керек. Зардап шегушінің басы мейлінше артқа шалқаюы үшін жұмырлап  оралған   киімді мойнының астына қою қажет. Зардап шегушінің мұрнын қысып, құтқарушы оның ашық аузынан терең дем береді және батыл түрде дем шығарады. Үрлеудің жиілігі – минутына 18-20 рет жасанды дем берумен  бірге бір мезгілде жүректің сыртынан уқалау керек. Суға кетушінің жүрек тұсы кеудесінің төменгі бөлігіне алақанды бірінің үстіне бірін қойып, басуды минутына 70 рет жиілікте жасау қажет (5 басуға-бір ауа үрлеу).

Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: