Таң дәрігерлік емхана жалпы тәжірибелі дәрігері Әлібекова Гүлзина Өмірбекқызы мекеме қызметкерлері және аймақтағы жүкті әйелдер және емізулі аналар арасында “Ана сүтінің маңызы және емізу техникасы” туралы семинар сабақ өткізді.
Семинардың мақсаты Ана сүтінің маңызын насихаттау және түсіндірме жүргізу.
Күн сайын балаңыздың иммунитетін арттырыңыз!
Балаңызды өзіңіз емізіңіз!
Ана сүті – өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды. Ана сүті сәби үшін теңдесі жоқ, құнарлы, ең таза қорек болып табылады.
Ана сүтінің құрамында ағзаға керек барлық нәрлендірушілер бар: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмір су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец), липаза, лактаза т.б. арнай ферменттер деп жалғасып кете береді. Ана сүтінің құрамында А,Е,Д витаминдері өте көп.Ішек, респираторлы жұқпалы, аллергиялық аурулардың алдын алады. Сондай-ақ өкпенің қабыну қауіпін сейілтеді. Калифорния университетінің медициналық орталығы емізу уақытына қарай балаларды бірнеше топқа бөліп, зерттеу жүргізген. Нәтижесінде 6 айдан көп уақыт емізілген балаларда өкпе қабыну ауруы 4 есе аз кездесетіндігі, диабет түрлі жұқпалы аурулардың алдын алып, ұмытшақтыққа, ас қорыту жолдарына пайдасы шаш етектен екенін анықтаған. Баланың физикалық өсуін дамытады. Сана-сезімін жетілдіреді. Америкалық медициналық ассоциациясы журналы жариялаған мақалада үш мың дат азаматына он жыл бойы жүргізілген түрлі интеллектуалды тестілеу нәтижесінде туылған алғашқы тоғыз айда ана сүтін емгендерде есте сақтау қабілеті, ақыл-ой зеректігі анағұрлым озық болған.Ана сүтінің құрамында сәби миының дамуына қажетті алмастырылмайтын май қышқылы бар. Баланың жүйке-психикасын дамытады. Ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, мейірімді болып өседі.Омыраумен емізу эмоциональды байланыс.

Бұрын сәбиді уақытқа қарап емізіп, 2,5-3,5 сағат аралығында тамақтандыру кестесін қатаң сақтау талап етілетін. Ал бүгінде ана сүтінің бала бойына 1,5 -2 сағатта тарайтыны дәлелденіп отыр. Сол себепті ана сәбиін тамақ сұрап жылаған уақытында емізе беруі қажет.Ал ананың сәбиін жарытып-жарытпауы көбіне оның денсаулығына байланысты. Уақытында демалу, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, жүйкеге салмақ түсірмеу секілді шаралар ананың омырау сүтінің азаймауына себепші.
Біз аналарға баланы бір жасқа, ал мүмкін болған жағдайда екі жасқа дейін емшек сүтінен ажыратпауға кеңес береміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!