KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне сәйкес, доллар бағамы 24 маусым кешімен салыстырғанда 9,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар – 460,95 теңге болды.
Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 458 теңге, сатып алу – 463 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 457 теңгеден болса, сатып алу құны – 460 теңге.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!