Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 22 қараша, 20:17

Қызылордада нан қымбаттайды

27.06.2022

495

0

Қызылордада нан қымбаттайды немесе Байқоңыр ӘКК-мен келісімі жоқ наубайханалар жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау» бөлімінің басшысы Гауһар Елеусінова «Facebook» парақшасында хабарлады.

«Себебі ұн қабы орта есеппен 12 000 теңге болды. 1 қаптан 150 нан шығады шамамен. Қазір дүкенде нан 100 тенге. 15 000 теңгенің 12 мың теңгесі ғана ұнға кетеді, ал бұған қоса газ, свет, су, тұз, көлік, еңбек ақы шығындары бар. Яғни, наубайханалар үшін 100 теңгенің өзі тиімсіз», – деп жазады Гауһар Елеусінова.

Палата сарапшысының айтуынша, Байқоңыр ӘКК-мен келісімі бар наубайханалар ғана ұнның қабын 8 000 теңгеден алуға мүмкіндігі бар. Соңдықтан осы наубайханалардан нан 75 теңгеден шығады. Дүкендер оған 5-10 теңге қосып сатады.

«Сондықтан нан бағасын ұстап тұру үшін Байқоңыр ӘКК барлық наубайханаларды қамтыса нан бағасын ұстап тұруға, нан жетіспеушілігін болдырмай, наубайханалардың жабылуының алдын алып, жұмыссыздар санын арттырып алудан сақтануға болады. Себебі санаулы наубайханалар бүкіл сұранысты қанағаттандыруға техникалық мүмкіндіктері жетпей қалады», – дейді Гауһар Елеусінова.

Болжам бойынша, ұнның бағасы әлі де қымбаттауы мүмкін. Мамандар осы кезден бастап әкімдіктер нан қымбатшылығының алдын алса, осы бағытта жұмыс жасаса деген ұсыныс білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: