Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 17:36

Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

23.11.2022

1289

0

Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжановтың Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2022 жылдың ІV тоқсанындағы халықпен кездесуі Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдық округтерінде жалғасты.

Аудан басшысы елді мекендердің тыныс тіршілігімен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Аққыр ауылдық округінің тұрғындары ауылға клуб құрылысын салуды, аяқ су мәселесі қажеттігін жеткізді. 
Аққыр ауылындағы А.Ахетұлы көшесі биылғы жылы орташа жөндеуден өтуде. Аққыр ауылында спорт алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылға мақұлданған жобалардың қатарында облыстық бюджет арқылы Аққыр бағытындағы автомобиль жолын жөндеу бар.

Жалпы, келер жылы аталған ауылдардағы жүзеге асатын жобалар мұнымен шектелмейді. Нақтырақ айтсақ, Аққыр елді мекенінің 5 көшесін жөндеуге, Жаңаталап елді мекенінің 3 көшесін жөндеуге, Жаңаталап елді мекеніне 100 орындық ауылдық клуб құрылысын салуға жобалау-сметалық құжат әзірлеуге, Мақпалкөл ауылдық округі Т.Жүргенов саябағын абаттандыруға, Мақпалкөл елді мекенінің балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеуге, Жаңаталап елді мекеніне республикалық, облыстық бюджет арқылы техникалық су ұңғымаларын бұрғылау құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.
 

316798275_1589927344792671_2733125751706354849_n.jpg
316676350_1589927311459341_4418908506110561442_n.jpg
316685596_1589927254792680_4978567336611638761_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: