Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сейсенбі, 25 қараша, 15:10

Салық жеңілдігі – кәсіпкерлікке серпін береді

25.11.2025

6

0

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салық салу жүйесін түбегейлі реформалауды көздейтін жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Яғни, 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізудің жаңа ережелері енгізіледі. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы оңайлатылған декларация негізінде арнайы төлем мөлшерін төмендету туралы бастама көтерген еді. Бұл бастама кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға бағытталған және әр өңірдегі мәслихат шешіміне сәйкес жүзеге асады.

Осы бастаманың жалғасы ретінде Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 35-інші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер басшылары және жеке кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібінде Жалағаш ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы  мәселесі де қаралды.

Жалағаш аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қ.Жапбасбаев жаңа Салық кодексіне сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолдану енгізілгендігін, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінің шекті кірісі 600 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспайтын және Үкімет айқындаған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық мөлшерлемесін қолдану тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары қолдануға құқылы екендігін жеткізді.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі салық төлеуші- корпоративтік немесе жеке табыс салығын 4% мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің тұрған жеріне қарай жергілікті өкілді органдар 50%-дан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.

Осыған сәйкес, Жалағаш ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету ұсынылды.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселе депутаттардың көпшілік дауысымен бекітілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: