Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 04 желтоқсан, 12:53

12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

02.12.2024

113

0

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдыруға қатысты бастама көтерді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Закиеваның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда балалар үйде жалғыз қалған кезде қайғылы жағдайлар болған.

«Осы деректерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Оған қоса қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекеттік көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», – деп жазды балалар омбудсмені.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында өрт шығып, бір үйдің бес баласы мерт болғаны хабарланды. Кейінірек жағдайды Бас прокурор бақылауына алды. 

Жітіқарадағы бес баланың өлімі: анасы қонаққа кеткен, әкесі түрмеде.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова Жітіқарадағы бес баланың қазасына қатысты пікір білдірді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: