Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасы бір-біріне сәйкестігі тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік алғаннан бері қабылданған 3,5 мың заңның басым бөлігі орыс тілінде жазылған. Премьер-министр орынбасарының айтуынша, енді заңды бірінші қазақ тілінде жазу талабы енгізіледі. Содан кейін ғана орыс тіліне аударылады.
«Бұл ретте артық регламенттеуді болдырмау мәніне ревизия жүргізу көзделмеген НҚА (жекелеген заңдар мен заңға тәуелді актілер) олардың жобалары мемлекеттік органдардың норма шығару қызметі барысында лингвистикалық сараптамаға түскен кезде қаралады. Аталған шара мемлекеттік тілдегі НҚА мәтіндері мазмұнының сапасын арттыруға ықпал етеді», делінген Алтай Көлгіновтың жауабында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!