Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 29 қараша, 13:32

Ағза мүшелерімді донор ретінде беруге келісемін – Денсаулық сақтау министрі

17.01.2024

720

0

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевтің мәйіт донорлығы бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы айтқан ұсынысына пікір білдірді, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер қоғамда қызу талқыланып жатқан марқұмдардың ағзасын жақындарының рұқсатынсыз алу тақырыбына қатысты Денсаулық сақтау министрінің пікірін сұрады.

Ажар Ғиният өз кезегінде «Өлімнен кейінгі ағза донорлығына келісесіз бе?» деген сұраққа «келісемін» деп жауап берді.

Ол бұл кешенді мәселе екенін айтып, өзі басқаратын министрлік аталған мәселеде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Адам өмірін сақтау үшін кейбір қайтыс болған адамдар немесе олардың туыстары органдарын қиын жағдайда жүрген, созылмалы аурулары бар, жүрегін, бүйрегін алмастыруды қажет ететін адамдарға бере алады. Заң жүзінде оған қажетті барлық нормалар бар. Сонымен қатар министрлік жанындағы мекемеде жасалған электронды регистр бар. Біздің әрбір кәмелетке толған азамат сол регистрде өз ағза мүшелерін қайтыс болғаннан кейін басқа мұқтаж адамға беру мәселесі бойынша пайымын жазып кете алады. Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам ел азаматы осы регистрде ойын білдіріпті. Соның 15 пайызы қайтыс болғаннан кейін өз ағзасын басқа азаматтардың өмірін сақтау үшін беруге келісетінін айтқан. Бұл мәселе қоғамның кешенді талқылауы арқылы реттелу керек. Министрлік бұл бағытта ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», деді Денсаулық сақтау министрі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: