Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:02

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

20.06.2023

318

0

Халықтың денсаулығы – елдің байлығы. Келешегі кемел ұлт қалыптастыру жолында ақ желеңді абзал жандарды қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандықтың иесі деп атасақ та артық емес. Адам жанының арашасы болып, шыдамдылықты қажет ететін кәсіпті таңдау көп еңбекті, өз ісінің маманы болуды талап ететіні белгілі.

Бүгінде, ұлт саулығы — денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналып үлгерді.

Жалағаш ауданында да денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып келеді. Емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға оң ықпал етуде. Бүгінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының жол картасында «Медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру» тармағы қарастырылған – деді Қаншагүл Мұстафаева.

Ауданымыздың халық денсаулығы жолында еңбек еткен сала ардагері мен қызметкерлері «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың және партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаеваның «Алғыс» хаттарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: