Аудан әкімі Ардақ Ибраимов №128 референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
Аудан әкімі ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруі ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, бүгінгі референдумда аудан тұрғындары жоғары белсенділік танытып, өз учаскелеріне келіп, дауыс беруде. Бұл – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын, қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысатын тұрғындардың жауапкершілігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта аудан бойынша барлық референдум учаскелері қалыпты режимде жұмыс жасап, тұрғындар өз таңдауларын жасауда.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!