Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жексенбі, 15 наурыз, 17:02

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАЗУШЫСЫ ҚУАТ АДИС ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

6

0

Аудан орталығындағы Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп лицейінде орналасқан №153 референдум учаскесінде елімізге белгілі балалар әдебиетінің жазушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қуат Адис өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Жүрекжарды жырларымен жалағаштықтарға ғана емес, республикаға танымал балалар ақыны Қуат Ахетовтың шығармашылығы жас буынның көркем әдебиетке сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық рухтан, ұлттық болмыстан туындаған өлеңдер арқылы жасөспірімдердің рухани жандүниесін байытуға бағытталады.

Бүгінгі күні ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылығымызды сақтай отырып, жаһандану үдерісіне ілесуіміз керек деген Қуат Адисұлы референдумның маңыздылығына тоқталып, ел келешегі кемел болуы жолындағы бастамаларға сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: