Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 17:42

Биылдан бастап мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді

14.01.2021

469

0

Білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейін де қамтыды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Енді жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасы жүргізілмейді.

Жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік берілген. Әр ЖОО оқу бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді. Сондықтан мұндай бағалау түрін жүргізудің қажеті жоқ» – дейді министр.

Сонымен қатар, білім алғанын растайтын өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына, оларды есепке алу және беру тәртібіне қойылатын талаптар да заң негізінде айқындалды.

«2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Яғни, енді әр жоғары оқу орнында берілетін дипломдардың барлығы біркелкі болмайды. Әр оқу орны жеке брендке айналып, студенттер оқу орындарын білім беру сапасына қарай таңдайтын болады.

Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді» – деп жазды А. Аймағамбетов.

Бұл тұрғыда заңсыз немесе жалған құжат айналымына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар да қабылданған.

«Білім берілгенін растайтын құжатты есепке алу және сериялық нөмірлері бойынша бір жүйеге келтіру үшін дипломдардың мазмұнына қатысты бірыңғай минималды талаптар қарастырылған.

БҒМ-нің ақпараттық жүйесінде берілген дипломдардың депозитариі, реквизиттері болады, сондай-ақ Болон процесінің талаптарына сай Diploma Supllement беру қарастырылады» – деп жазды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: